Көпірден автобус құлап, 18 адам көз жұмды

Фото: Getty Images / Anadolu/Hamza Zait

ЖАҢАЛЫҚТАР
3444

Алжирдің Хараш округінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолаушылар автобусы көпірден құлап, өзен арнасына түскен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан 18 адам қаза тапты, тағы 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Алжирдің азаматтық қорғаныс қызметі апат орнына:

  • 25 жедел жәрдем көлігін,
  • 16 сүңгуірді,
  • 4 құтқару қайығын жұмылдырды.

Құтқарушылар өзенге құлаған автобусты іздеу және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. 

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда. Жергілікті билік орындары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексермек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...