Әуежайдағы қылмыскерді қолға түсірген адамды Тоқаевтың өзі марапаттамақ

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2763

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда шабуылдаушының суық қаруын тартып алған адамды мемлекеттік наградаға ұсынды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Руслан Желдібай Тоқаевтың Алматыдағы әуежайда болған оқыс жағдайн хабардар екенін айтты.
«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», - деп жазды Руслан Желдібай.

Ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды. Оқиға бүгін сағат 11: 45-те болды. Көп өтпей шабуылдаушы қолға түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 маусымда Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Гагарин көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысын...

PESTEL

Францияда аптап ыстықтың күшеюіне байланысты Париждің басты символы – Эйфель мұнарасы уақытша...