Қазақстандық танымал спортшы антидопинг ережесін бұзып, жазаланды

Фото: игстаграм @seitimova_anara

ЖАҢАЛЫҚТАР
2552

Қазақстандық самбошы Анар Сейтімова антидопинг ережелерін бұзғаны үшін үш жылға дисквалификация алды, деп хабарлайды madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ ақпарат порталына сілтеме жасап.

Самбо федерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Анар Сейтімованың сынамасынан мельдоний препаратының ізі табылған. Енді қазақстандық спортшы 08.08.2024 – 07.08.2027 жылдар аралығында жарыстарға қатыса алмайды. 35 жастағы Сейтімова биыл шілдеде Қытайдың Макао қаласында өткен Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынап, алтын медаль иеленген еді. Ол бұрын дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасында өнер көрсетіп, әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы, Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...