2021 жылғы 31 тамызда Ыстанбұлда «Томирис» фильмінің Түркиядағы премьерасы өтті, деп хаб...
Көрші жігіт оқушы қызға тиіскені үшін сотталды
Фото: ЖИ
110
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сотталған азамат - жәбірленушінің көршісі, отбасымен араласатын таныстарының ұлы. Ол қызды өлтіремін деп қорқытып, болған жайтты бір ай бойы жасыруға мәжбүрлеген.
Полицияға арыз берілгеннен кейін жәбірленуші интернетте де қудалауға ұшыраған. Соның салдарынан ол өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені хабарланды. Қыздың туыстары блогерлердің біріне қатысты бөлек арыз түсірген.