Абайсызда өрт шығарып, 29 млн теңге шығын келтірген зейнеткер бір жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Жаңалықтар
310

Маңғыстау облысында зейнеткер абайсызда автотұрақта өрт шығарып, 29 миллион теңге шығын келтірді. Қылмыстық іс Мұнайлы аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, іс материалдары бойынша, осы жылдың 12 маусымында Ақтау маңындағы өндірістік аймақтың автотұрағында дәнекерлеуші қоқысты өртеп жіберген. Өрт «Lamber» маркалы тоңазытқышқа, «Mercedes-Benz Actros» автокөлігіне, «Schmitz SKO 24mi» тоңазытқышына, «Schmitz SKO 24L» тоңазытқышына, «KC 45717A-1» маркалы кранға және автокөлік бөлшектері бар контейнерге зақым келтірді. Материалдық шығын 29 миллион теңгені құрады.

Прокурор ер адамды кінәлі деп тануды және оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыдан келтірілген материалдық залалды өндіріп алуды сұрады, ал жаза тағайындау мәселесі соттың қарауына қалдырылды.

Сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Ер адамның кінәсі оның айғақтарымен, жәбірленушілердің айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен расталды.

Жаза тағайындау кезінде кінәлінің зейнеткерлік жасы, бұрын сотталмағандығы, кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі ескерілді. Ол жасаған қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығы төмен санатқа жатады және абайсызда жасалған.

Сот үкімімен ер адам ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша кінәлі деп танылды. Осы баптың санкциясы 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің талап арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...