Бетперделі жігіт Африка халқын қуантты, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қазақстандық бетперделі жіг...
Шымкентте 4 млрд теңгелік алаяқтық ісі бойынша күдікті ұсталды
Фото: freepik
99
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам сыбайластарымен бірге Астанада тұрғын үй кешенін салуға ақша жинаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алайда құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы болмаған.
Іс бойынша 292 салымшы жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады.
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұзақ уақыт бойы Шымкентте жасырынып, жалдамалы пәтерлерін ауыстырып отырған.
Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.