Көшеде бейтаныс әйел қыздың артынан ерген видео желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1875

Әлеуметтік желілерде тараған видеода бір қызықты әрі алаңдататын жағдай көрсетілген. Көшеде кетіп бара жатқан жас қыздың артынан бейтаныс әйелдің ергені көрінеді. Басында әйел басқа бағытқа бет алғандай көрінген, алайда қызды байқап қалған соң, оның соңынан ілесе бастаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қыз подъезге кірмек болған кезде, әйел де артынан кіруге тырысқан. Бұл сәтте қыз өз қауіпсіздігін ойлап, бірден шекараларын көрсеткен: ол бейтаныс адаммен бірге подъезге бірден кірмейтінін айтып, алдымен әйелдің кіруін сұраған. Осы әрекетке ашуланған әйел бейәдеп сөздер айтып, агрессиясын көрсеткен.

Бұл видеоны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Көпшілік қыздың өзін қорғау әрекетін қолдап, мұндай жағдайлар әрдайым назар аударуды қажет етеді деп есептейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана полициясы танымал блогер Мирас Беркінбаевтың қамауға алынғанын хабарлады. Ер адам қоғамдық тә...