Louis Vuitton-да жұмыс істейтін қазақ Қазақстанда мектеп аша алмай жүр (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1505

Журналист Лаура Бекжігіт Франциядағы Louis Vuitton брендінің «Теріден өнім жасайтын бөлімінде» ұзақ жылдар басқарған қазақ жайлы ақпарат таратты, деп жазды Мadeniportal.kz.

«Достар, аузын айға білеген атақты LV брендінің Париждегі «теріден өнім жасайтын бөлімін»  20 жыл бойы Мұстафа Услужан деген қазақ азаматы басқарғанын білесіздер ме?

Оның қолынан шыққан тонды Мадоннаның өзі сатып алған. Құны 20 мың евродан асады.

Небәрі 19 жасында жас Мұстафа  Түркиядан арман жолын қуып, Парижге аттанады. Франция - еңбекқор, өжет, оң қолынан өнер тамған ісмерді бауырына басады. Уақыт өте келе атакәсіпке адал жігіт, білімін толықтырып, нағыз шеберге айналады. 

Біз Мұстафа  ағамен Парижде жолықтық. Алайда, тағылымды тағдырын  таспалай алмадық.  Бірақ ол кісінің бір сөзі өзекке түсті. Ол Қазақстанда мектеп ашып, шәкірт тәрбиелегісі келеді. Өкінішке қарай, қолдайтын адам, қажетті қаражат жоқ. Бізде тері өндірісі тұралап тұр.  Жеңіл өнеркәсіпте білікті мамандар жетіспейді. Ал, қолда бар алтынның қашанда қадірі жоқ. Өкінішті.

Достар, күтіңіздер, көкірегі көмбе шебермен жақын күндері онлайн сұхбат жүргіземіз!», - деп жазды Лаура Бекжігіт.

Айта кетейік, Мұстафа Услужан - Түркияның Нигде қаласында дүниеге келіп, 21 жасында Францияға көшіп кеткен. Өз мансабында әлемдік брендтермен жұмыс істеп, олардың цехтарын басқарған. Мұстафа Услужанның айтуынша, 2017 жылы Вalmain, Chanel, Balenciaga компанияларында 3 жыл қызмет етіп, қайта Louis Vuitton-ға ауысқан.  2022 жылы компанияның Франциядағы өндіріс басшысы, қарамағындағы 100 қызметкерге жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырған. 

Шоу-бизнес

Танымал блогер Әсел Асқар жастар арасындағы ішімдік ішудің қатерлі зардаптары туралы айтты, деп хаба...

Шоу-бизнес

Танымал өнер иесі Сәкен Майғазиев Шымкент қаласының әкім орынбасары Руслан Берденовке қатысты пікір...