"Көзін көгертіп, аяқ киіммен ұрған": Сұлулық байқауының жеңімпазы 9 жыл бойы күйеуін қорлап келген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
284

Аустралия соты “Мисс Аустралия“ байқауының бұрынғы жеңімпазы Кэтрин Изобель Хейді  9 жыл бойы күйеуіне зәбір көрсеткені үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тасмания штатының тумасы, 49 жастағы Кэтрин Изобел Хей бүкіл әлемге 1999 жылы әуелі “Мисс Тасмания”, кейін  “Мисс Аустралия” атағымен танылды. Сондай-ақ ол 2002-2009 жылдар аралығында Мемлекеттік парламентте Тасмания Еңбек партиясының мүшесі болды. Сол жылы Хэй Трой Шейн Ричардсонмен қарым-қатынас құрып, 2012 жылы шаңырақ көтерді.

Ер адамның айтуынша, әйелі 2013 жылы екінші баласы дүниеге келгеннен кейін оны балағаттап, ұруды шығарған. Оңашада Хэй оны жиі қорлап, қорқытып, қол көтеретін болған. Сонымен қатар, Кэтрин күйеуінің бетіне бір тостаған сұлы жарма лақтырған деген ақпарат бар. Енді бірде ол күйеуін аяқ киімімен ұрған.

2020 жылы Хей күйеуінің көзін көгерткен соң ер адам ұзақ уақыт бойы қара көзілдірік киіп жүруге мәжбүр болған. Бірде ол күйеуін көпшілік алдында масқаралап, ер адамның күйзеліске түсуіне себеп болған. 

Ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан соң, Ричардсон сотқа жүгінген. Бастапқыда Хэй күйеуіне ешқашан күш қолданбағанын, керісінше өзінің жәбірленуші екенін дәлелдеуге тырысқан. Алайда 5 наурыз күні өзінің де қателескенін және кәнілі екенін мойындады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балқашта “Наурыз” мерекесін тойлау, күтпеген оқиғаға ұласты. Түйе кенет бақылаудан шығып...

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей естелігін еске алып, қызық оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды MADENIP...