Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қоғамдық талқылауға түскен елтаңба мәселесі туралы Премьер-министр Олж...
Шымкентте мешіт өртенді
ТЖМ
1658
Шымкентте өрт сөндірушілер мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар өртті сөндіру үшін ғимараттың шатырын ашты.
Бүгін 112 пультіне Тұран ауданындағы Қ. Әділбеков көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына қалалық ТЖД бөлімшелері жедел жетті.
Өрт сөндірушілер шатырдағы ағаш конструкцияларды ашып, өрт ошағын сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.