Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасында дебют жасады

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1961

Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасында дебют жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

14 жастағы Криштиану Роналду Жуниор алғаш рет ұлттық құрама жейдесін киіп, Хорватияда өткен халықаралық турнирде Жапонияның U-15 құрамасына қарсы алаңға шықты. Ол әйгілі №7 нөмірімен 54-минутта ойынға қосылып, әкесінің жолын қуып келе жатқанын көрсетті. 

Жас футболшының бұл дебюті оның өміріндегі маңызды сәттердің бірі болды. Әкесі – Криштиану Роналду Instagram парақшасында: 

«Ұлым, Португалия құрамасындағы дебютіңмен құттықтаймын. Сен үшін қатты мақтанамын», – деп жазды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...