Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін тексермек болған келіншек алаяқтарға алданып қалды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1087

Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін тексермек болған келіншек алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қостанай қаласының тұрғыны Instagram-да өзгелердің чаттағы жазысқан хабарламаларын "әшкерелеп беруді" ұсынатын ерекше қызмет жайлы жарнаманы көріп қалған. Жарнамадағы сілтеме арқылы Telegram-дағы жеке аккаунтқа өткен соң, келіншек өзін Полина деп таныстырған оператор әйелмен сөйлесіпті.

Клиенттің қалаған хат алмасуына "қол жеткізу" үшін 26 мың теңге сұраған. Ақша түскен соң алаяқтар "қиындықтар туындағанын" айтқан: мәлімет көлемі тым үлкен, ішінде фото мен видео бар, сондықтан қосымша 20 мың теңге төлеу қажет деген. Қызғаншақ әйел бұл соманы да аударып жіберген, ал Полина бірден хат алмасуды өшіріп, әйелдің нөмірін бұғаттап тастаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...