“Намазхан апай аяғымен басын қысып, қинап отыр”: баланы тұншықтырған тәрбиешінің сұмдығы

Фото: Инстаграм/ banu_tleusheva

ЖАҢАЛЫҚТАР
3637

Әлеуметтік желіде 4 жасар баланы тұншықтырған тәрбиешінің видеосы елді дүр сілкінтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Баланың анасы оқырмандарына болған жағдайды баяндады.

“Бір апта бұрын балаларымды басқа балабақшаға ауыстырғанмын. Халал, апайлары намазхан болғандықтан жақсы деп ойладым. Балам шағым жасай бергеннен кейін бүгін барып камераларын көрдім. Қазір заң жүзінде процесс басталып кетті. Уақыты келгенде бәрін ашып көрсетемін”, - деп жазды бүлдіршіннің анасы.

Бану Тілеушева бұл балабақшаның 3 бөлімшесі бар екенін айтты. Әрі ана әлі өзіне келе алмағанын айтуда.

“Мынау басқа күні. Басқа апай баламды қамап, аяғымен басын қысып қинап отыр”, - деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...