"Жолаушылар тасымалы" әйелдерге арналған вагондар санын кеңейтіп, үш танымал бағытқа - Астана - Семе...
Атырауда суға батқан жасөспірімнің денесі әлі табылған жоқ
ашық дереккөз
733
Атырау облысында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің денесі екінші тәулік бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 16:00 шамасында Индер ауданына қарасты Есбол ауылында болған. 13 жастағы жасөспірім ағасымен бірге өзенге барып, суға батып кеткен.
Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда баланың денесі әзірге табылған жоқ. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.