«Лайк» үшін өмірін қатерге тіккен: Семейде көпір үстінде фотосессия ұйымдастырған әйел жауапқа тартылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
474

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызған бейнежазбаны тексеру барысында заңбұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

Кадрларда әйелдің көлік қозғалысына қарамастан, қараңғы уақытта жолдың ортасына жатып, камераға суретке түсіп жатқаны таспаланған. Тәртіп сақшылары оған қатысты жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Шоу-бизнес

Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Туыстары аяусыз өлтіріліп, күйеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін Ақбаян Мұқанғал...