«Радикализмді жасөспірімдер ұстануда»: Теолог әлемдегі террорлық әрекеттер мен теріс діндер тақырыбын қозғады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
279

Теолог, исламтанушы Асқар Сабдин әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал туралы сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Qazqa Jol YouTube арнасына Асқар Сабдин қонаққа келді. Ол 2011 жылдан 2016 жылға дейін Ақтөбе қаласында тұрып, түрлі радикалдардың бет-бейнесін ашқан. Торрорлық әрекеттердің түп-тамырын зерттеген.

«Биыл 6 айдың ішінде 60-тан астам азамат дін атын жамылған топта жүргені үшін сотталды. Әлемдік деңгейде радикализм төмендеді. Сол үшін біздің елде де тұрақты деп есепке алуға болады. Ішкі факторларда бейтараптандырылды. Шеттен келетін адамдар, мысалы Ақтөбеге Ауғанстаннан Әзірбайжан азаматы келді. Оның қолындағы флешкада торрорлық іс-әрекеттер жазылған бейнематериалдар табылды. Ол жергілікті азаматшамен отау құрып, оны да өзінің дініне кіргізіп, сотталды», - деді исламтанушы.

Асқар Сабдин әсіресе жасөспірімдер басқа дінді ұстанып кетіп жатқанын айтты. Олардың Телеграм-арналарға кіруі алаңдаушылық тудырады екен. Әрі елде қазақ азаматтары тарихи жадымызды теріске шығарып, Абу Насыр әл-Араби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссаулилерді кәпірге теңегендер де бар екен.

«Ата-бабаң қорғап кеткен елің бар. Осы ел арасында дұрыс діндарлықты ұстану керек. Діндар, ғалым болғың келсе университет бар, медресе бар. Осындай жағдай жасалған елде. Әртүрлі дінге ақпаратсыз кіріп, қармаққа ілініп, судан шығарылып, өліп жатқан жастар бар», - деді ол.

Журналист елімізге арабтану қайдан келгенін сұрады. Яғни арабтану елдегі қазақ балаларының БАӘ-не барып оқып келуі елдегі ахуалға кері әсер тигізуі мүмкін.

«Ислам дінін жеткізуші ғалымдардың көбі араб еместерден шықты. Кейін арабтарда комплекс пайда болып, олар тоқыма хадистер ойлап шығара бастады. Олар арабтардың артықшылығына қарай әрекет жасауға тырысты. Кейін IVIII-IXI ғасырларда Батыстағылар Осман имериясына қарсы арабтарды қоздырды. Ұлтшылдықты қоздырып, арабтарды түріктерге қарсы соғыстырды», - деді Асқар Сабдин.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...