Қазақстандық әйелдер Түркия бағытындағы ұшақта төбелес шығарды. Жанжалдың өршігені сонша экипаж кома...
Оралда жас жігіт бұрынғы сүйіктісін жалаңаш суретімен бопсалаған
Сурет: Polisia.kz
Оралда 23 жастағы тұрғын бопсалау дерегі бойынша ұсталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел іс-шара барысында қала тұрғыны қолға түсті. Ол үш жыл бойы бұрынғы сүйіктісін интим сипаттағы фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалағаны анықталды.
Жәбірленуші осы уақыт ішінде оған шамамен 9 миллион теңге беруге мәжбүр болған. Күдіктінің әрекеттері банктік транзакциялар және мессенджердегі хат алмасулар арқылы расталды.
Тәртіп сақшылары оны кезекті рет 150 мың теңге алып жатқан сәтінде ұстады. Қазіргі уақытта азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды кез келген бопсалау жағдайында дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Қылмыскерлердің талабына көну немесе мәселені өз бетінше шешуге тырысу — жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін екені ескертілді.