«ЛОТТЕ Рахат» қазақстандық өнімдерге қарсы ақпараттық шабуылдарға қатысты пікір білдірді

дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
201

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық өнімдерді қаралауға бағытталған ақпараттық шабуылдар туралы мәлімдегеннен кейін, бұл мәселеге қатысты «ЛОТТЕ Рахат» АҚ та өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz 

Компания басқармасының төрағасы Ахмед Ахраровтың айтуынша, шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралуы жекелеген өндірушілердің беделіне ғана емес, жалпы қазақстандық өнімдерге деген тұтынушылардың сеніміне де кері әсер етеді.

Оның сөзінше, өнім сапасына қатысты ашық пікірталас қоғам үшін маңызды. Алайда мұндай талқылаулар тек нақты деректерге, зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне және қолданыстағы заңнама талаптарына негізделуі тиіс.

Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінде қазақстандық өндірушілер тек өзара ғана емес, қаржылық, маркетингтік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары халықаралық компаниялармен де бәсекелесіп отыр. Сондықтан нарықтағы бәсеке өнімнің сапасы арқылы жүргізілуі керек, ал негізсіз ақпарат тарату немесе жағымсыз ақпараттық фон қалыптастыру әділ бәсекеге жатпайды.

Сондай-ақ компания соңғы уақытта эмоцияға құрылған, контекстен жұлып алынған мәлімдемелер мен тексерілмеген ақпараттың жиілеп кеткенін атап өтті. Мұндай жарияланымдар тұтынушыларды объективті ақпаратпен қамтамасыз етпей, өнім туралы бұрмаланған пікір қалыптастырады.

«ЛОТТЕ Рахат» әлеуметтік желілерде пікірталасқа араласпайтынын, оның орнына өндірісті жетілдіруді жалғастырып, өз өнімдерінің сапасын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға әрдайым дайын екенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

3 тамыз Алматы қаласында Дүниежүзілік жастар күніне арналған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеудің Преснен аудандық соты блогер Гусейн Гасановты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды...