" -3 градусқа салқындайды": Қазақстанға антициклон келе жатыр

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
647

Қазақстанда 21–23 мамыр аралығында кезекті антициклонның келуіне байланысты салқындау күтіледі, деп «Қазгидромет» синоптиктері ескертті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кей өңірлерде ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

«Жоғары жылдамдықпен қозғалып, суық ауа массаларымен қоректенетін антициклон ел аумағына айтарлықтай ауа температурасының төмендеуін алып келеді. Алдымен солтүстік өңірлерде, кейін шығыс аймақтарда салқындау байқалады», — деді синоптиктер.

22 мамырда солтүстік облыстарда, 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта температура 0…+5 градусқа дейін төмендейді. Кейбір аудандарда −3 градусқа дейін суық болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы тек +10…+15 градус шамасында ғана болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...