Павлодар облысында зейнеткер екі туысының мәйітін үйінде сақтаған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
234

Павлодар облысында екі адамның мәйіті тұрғын үйден табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, 13 ақпанда полиция қызметкерлері сот санкциясын алғаннан кейін жеке тұрғын үй аумағына кірген. Бұған отбасы мүшелерінің бірінің ұзақ уақыт бойы дәрігерге қаралмауы және туыстарының мемлекеттік орган өкілдерін үйге кіргізбеуі себеп болған. Екі үй орналасқан аумақта қайтыс болған адамдардың мәйіті табылды.

Үйлердің бірінде әжесі алты жасар баламен бірге тұрған. Бала Майқайың кенті ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның физикалық тұрғыдан дені сау, жасына сай дамығанын хабарлады. Қазіргі таңда онымен психолог жұмыс істеп жатыр. Баланың заңды өкілдері болмағандықтан, оны Екібастұз қаласындағы «Үміт» қолдау орталығына оналастырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы «Integra Construction KZ» ЖШС бас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы, журналист Қанат Тілеухан мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиададағы жеңісіне...