Мәди есімді батыр! Ақмолалық құтқарушылар жолсыз қалған ауылдарға қайықпен азық-түлік жеткізуде

www.gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2389

Су тасқыны басталғалы бері Жарқайың ауданында 3 ауыл автомобиль қатынасынсыз қалған болатын. Құмсуат, Баранкөл және Нахимовка ауылдарының тұрғындарына 10 күннен астам уақыт бойы Державинск қаласының тұрғындары, жергілікті еріктілер, «Asar-Ume» қайырымдылық қоры және аудан әкімдігі гуманитарлық көмек көрсетуде, деп хабарлайды madeniportal.kz, Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомстовның хабарлауынша, Жарқайың ауданы ТЖБ аға инженері Мәди Бердіғалиев Ақмола облысының Жедел құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге күн сайын оқшауланған кенттердің тұрғындарына гуманитарлық жүк жеткізіп отырды. Олар қазірдің өзінде қайықпен 20-дан астам рейс жасап, жергілікті тұрғындарға 10 тоннадан астам өнім тасымалдаған. Сондай-ақ Мәди Бердіғалиев бастаған құтқарушылар екі баланы шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар үш ауылмен көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан уақытта ақмолалық құтқарушылар азаматтар игілігі үшін өз жұмыстарын жалғастырып, олардан алғыс сөздерін алуда.

Мәди Бердіғалиев – батырлар біздің арамызда! - делінген хабарламада.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...