Алматы облысында 3 жасар қыз жоғалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3535

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған үш жасар қыз 24 сағаттан аса уақыт бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: Жоғалған қыз. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен. Қыздың анасы полицияға кешке хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.

"Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтты. Бұл дерек дереу аудандық полиция бөліміне тіркелді. Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...