Көліктен басын шығарғандар қанша айыппұл арқалайды?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2108

Көліктен басын шығарғандар қанша айыппұл арқалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғаны үшін қазақстандықтарға 39 мың теңгеден аса айыппұл салынатынын айтты.

13 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстегі өзгерістер күшіне енді. Олардың қатарында жолаушы тасымалына қатысты айыппұлдар да бар. 

"Енді жүріп келе жатқан көліктің терезесінен басын шығарғаны үшін 10 АЕК (39,3 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оның үстіне жолаушы да, жүргізуші де бірдей деңгейде жауапқа тартылады", – деді Сұлтанбаев. 

PESTEL

Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан...

СПОРТ

V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы қазір 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медальмен жалпы есе...