Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенмен дауласты, деп хабарлайды madeniportal.kz sn.kz а...
«Майқайың» кенішінде қаза тапқан құтқарушының туыстарына берілетін өтемақы азайтылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сот «Майқайың-алтын» кенішінде қаза тапқан құтқарушының туыстарына берілетін өтемақының мөлшерін 4 есе азайтып тастады, деп хабарлады madeniportal.kz.
Қаза тапқан Олег Тышкевичтың отбасы 120 млн теңгенің орнына 30 млн теңге алатын болды.
Павлодар облыстық соты «Парасаттылық, әділдік өлшемдерін» басшылыққа ала отырып шешім қабылдағанын айтты. Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді, моральдық зиян сомасы әрқайсысының пайдасына 7 500 000 теңгеге дейін төмендетілді. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтау кезінде бірінші сатыдағы сот еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні басшылық алды. Сондай-ақ жазатайым оқиғаның мән-жайларын арнайы тергеу актісінде жұмыс берушінің кінәсінің 100% анықталды. Сонымен қатар, сот жазатайым оқиғаның "Майқайың алтыны" өндірістік қызметімен байланысты екенін ескермеді. Бұл мән - жайларды сот моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау кезінде ескеруі тиіс, - деп толықтырды сотта.
Қаулы заңды күшіне енді.