Қазақстанда нейрожелінің көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
19

Бұл жайында "Болашақ ойындары - 2026" іс-шарасының салтанатты ашылуына қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысы халықаралық доданың басталу тарихы мен маңызы жайында айта келіп, еліміздегі цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану аясы туралы баяндады.

«Біз осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладық. Осылайша, цифрлық болашаққа нық сеніммен аяқ бастық. Бұл – мемлекетіміздің алдында тұрған аса маңызды стратегиялық мақсат.   Осы міндетті біз бәріміз біртұтас қоғам ретінде табысты іске асыруымыз қажет. Сондықтан қазір елімізде жаңа заманға қажетті мамандар даярлау ісі тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр.   Қазақстанда AI-Sana мемлекеттік бағдарламасы арқылы қазірдің өзінде жүздеген мың азамат тиісті құзыреттер мен дағдыларды меңгерді.   Биыл күзде Астанада Жасанды интеллект университеті ашылады. Елімізде нейрожелінің көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді.   Сондай-ақ келесі жылы елордамызда Халықаралық киберспорт федерациясының қолдауымен әлемдік дода ұйымдастырылады. Бұл – Қазақстанда іске асып жатқан ауқымды бастамалардың бір бөлігі ғана», - деді Қ. Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясының» атынан кандидат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов мәдениет және ақпарат вице-м...