Қазақстандық бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Facebook-тегі "Денсаулық сақтау минист...
Мамандар шілде айының ауа райын болжады
Фото: freepik
Мамандардың айтуынша, бұл ай елімізде жыл ішіндегі ең ыстық кезеңдердің бірі болып, кей өңірлерде экстремалды температура тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында орташа температура +18…+23 градус аралығында болады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі.
Алайда кей күндері аптап ыстық күшейеді.
Солтүстік пен шығыста ауа +42…+43 градусқа дейін жетуі мүмкін. Орталық, батыс және оңтүстік-шығыста +47…+48 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте температура тіпті +50 градусқа дейін жетуі ықтимал.
Сонымен қатар, солтүстік пен шығыс өңірлерде шілде айы ең жаңбырлы кезеңдердің бірі болады. Кей жерлерде бір тәулік ішінде айлық мөлшердегі жауын-шашын түсуі мүмкін. Найзағай, бұршақ және қатты жел жиі байқалуы ықтимал.
Синоптиктердің айтуынша, таулы аймақтарда бұршақ жауу қаупі де жоғары.