Президент Қазақстанда жаңа амнистия жүргізілетінін жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
388

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке ағымдағы сессияның соңына дейін қосымша амнистия туралы заң қабылдауды тапсырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Мемлекет басшысы өткен жылы қылмыстық амнистия өткенін еске салып, енді оның ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жолы азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша кешірім жасалмақ. Тоқаев бұл қадамның ел тарихындағы тұңғыш әкімшілік амнистия болатынына ерекше тоқталды.

«Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам», – деді Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ыстықкөлде ММА спортшысы Медет Жээналиев суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркиялық танымал футбол агенті Али Емре Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темі...