Алдағы күндері Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1066

Синоптиктер алдағы күндері яғни 18-20 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, кезекті атлантикалық циклонның әсерінен ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) солтүстік өңірлерде боран, көктайғақ күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, 19-20 қарашада шығысында күн жауын-шашынсыз болмақ.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Тек шығыс өңірлерде түнгі сағаттарда ауа температурасы -6...-23 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2...+10 градус жылы болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде жаңа туған сәбидің өліміне қатысты резонансты іс сотта қаралып жатыр. Сот барысында айыпталу...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қ...