Маңғыстау облысында екі әкім ауысты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
849

Маңғыстау облысында Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының әкімдері ауысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Ақтаудың жаңа әкімі болып бұған дейін Жаңаөзен әкімі орынбасары қызметін атқарған Мақсат Мұқаш тағайындалды. Ол бұл қызметте 2025 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеген. Оған дейін облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.

Ал Жаңаөзен әкімі қызметіне Сымбат Төретаев тағайындалды. Ол 1978 жылы Жетібай ауылында дүниеге келген.

Сымбат Төретаев еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасында бастаған. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында қызмет атқарған.

2006-2010 жылдары «Нұр» ЖШС-ін басқарған. Кейін Қарақия ауданының Мұнайшы ауылының әкімі болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясы Қостанай маңындағы Тобыл өзенінің жағасына салынуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мә...