Әзірбайжан президенті болған жағдайға қатысты Ресейге үш талап қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz...
Ғабит Өмірбектің әкесі ұлын еске алды
Фото: әлеуметтік желі
17
Марқұм заңгер Ғабит Өмірбектің әкесі ұлының елге жасаған жақсылығын еске алып, көпшілікті жақындарының қадірін тірісінде білуге шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол небәрі 35 жасында өмірден өткен баласының артында талай игі іс қалғанын жазды. Ұлына алғыс айтып, құрмет көрсеткен адамдарды көргенде, оның қаншама жанға көмектескенін тереңірек түсінгенін жеткізді.
Әкесінің айтуынша, ол баласын жақсы білемін деп ойлаған. Алайда Ғабиттің көпшілікке жасаған жақсылығының ауқымын көзі тірісінде толық аңғармаған. Енді елдің ықыласын көрген сайын жүрегін мақтанышпен бірге өкініш те кернейтінін жасырмады.