Мұқанмадияр Орынбековтің үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Фото: автордан

ЖАҢАЛЫҚТАР
14

Көрнекті қазақ философы, белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұқанмадияр Орынбековтің 80 жылдық мерейтойына орай «Мұқанмадияр Орынбеков. Шығармалар жинағы» атты үш томдық басылым жарық көрді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үш томдықта ғалымның бай ғылыми мұрасы, философиялық зерттеулері мен тұжырымдары, сондай-ақ отандық философия ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі кеңінен қамтылған. Басылым Мұқанмадияр Орынбековтің ғылыми еңбектерін жүйелеп, оның философиялық көзқарастары мен зерттеушілік ұстанымдарын оқырманға қайта таныстыруды мақсат етеді.

Үш томдықты құрастырып, ғылыми редакциялауға ғалымдар Әсет Құранбек пен Самат Қайратұлы атсалысты.

Зерттеу еңбегі жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ философия тарихы мен отандық ғылыми мұраға қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.

Бұл басылым – көрнекті ғалымның рухани-интеллектуалдық мұрасын жүйелеп, қазақ философиясының даму тарихындағы орнын айқындай түсетін маңызды ғылыми еңбек.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм заңгер Ғабит Өмірбектің әкесі ұлының елге жасаған жақсылығын еске алып, көпшілікті жақындарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртауда қыркүйек айында жоғалған 38 жастағы Ирина Керннің мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPo...