Үшінші АЭС Қостанай маңында салынуы мүмкін

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
71

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясы Қостанай маңындағы Тобыл өзенінің жағасына салынуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Агенттік басшысының айтуынша, бұл аумақта реакторларды салқындатуға қажетті су қоры бар.

“Бұл аумақ станцияны реакторларды салқындатуға қажет сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір мамандар болашақ атом электр станцияларын салуға болатын бірнеше аумақты зерттеп жатыр”, – деді Сәтқалиев.

Қарастырылып жатқан орындардың қатарында Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы, елдің батысындағы Каспий теңізінің жағалауы және солтүстіктегі Тобыл өзенінің маңы бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көрнекті қазақ философы, белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Мұқанмадияр Орынбе...