Алматыда жол апатынан зардап шеккен үндістандық студенттердің жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
986

Алматы маңындағы жол апатынан зардап шеккен үндістандық студенттердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 6 қаңтарда сағат 11:00–12:00 аралығында Алматы — Бішкек тасжолындағы Тарғап ауылына жақын жердегі жол апатында зардап шеккен Үндістанның үш азаматы Жамбыл ауданының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Барлығы шұғыл түрде дәрігерлердің қарауынан өтіп, алғашқы тексеруден соң жедел жәрдем және жансақтау бөлімдеріне жатқызылды. Кейін бір науқас хирургия бөлімінде, екінші науқас жансақтау бөлімінде емді жалғастырды. Үшінші науқастың жағдайы аса ауыр еді. Жансақтау және жедел терапия шараларына қарамастан, ол 9 қаңтарда қайтыс болды, — деп хабарлады ведомство. 

Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер зардап шеккендерге қажетті ем-дәрі және диагностикалық шараларды жүргізіп жатыр.

Барлық тексеру өткізілді, профильді мамандармен консультациялар ұйымдастырылды. Емдеу бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...