Танымал актер «Шаншар» театрының мүшесі Жүсіп Ақшора келін мен ата-ене қарым-қатынасы жа...
Маңғыстауда жоғалып кеткен төрт адам іздестіріліп жатыр
Ашық дереккөз
Lider.kz еріктілер қозғалысы Маңғыстау облысында әртүрлі уақытта хабар-ошарсыз кеткен, осы күнге дейін туыстарымен байланысқа шықпаған төрт адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Мadeniportal.kz.
Іздестіруде жүргендер:
Айдана Айтаева, 1996 жылы туған, Бейнеу ауылының тұрғыны. Қыз 2022 жылғы 29 наурызда жоғалып кеткен. Бойы шамамен 150 см, арықша денелі, шашы қара. Айдананың ДЦП дертімен ауыратыны белгілі.
Төлеген Қарашаев, 1968 жылы туған, Жаңаөзен тұрғыны. 2021 жылғы 30 қаңтарда жоғалып кеткен. Ер адам 3-шағын аудандағы №37 үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Бойы шамамен 170 см, шашы ағарған. Сол жақ білегінде «КСКВО» деген жазуы бар және «жарты күн» бейнесі салынған татуировкасы бар. Қазіргі уақытта сақал қоюы мүмкін.
Ерлан Есмағамбетов, 1991 жылы туған. 2025 жылғы 17 наурызда жоғалып кеткен. Ақтау қаласы, 17-шағын аудан, №3А үй мекенжайында тұрған. Таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Бойы 170–175 см, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа.
Бисенбай Құңғрадов, 1955 жылы туған, Ақтау тұрғыны. 2019 жылы жоғалып кеткен. Соңғы рет 3-шағын аудан маңында көрінген.
Еріктілер жоғалғандарды көрген немесе олардың қайда жүргені туралы кез келген ақпараты бар адамдардан Lider.kz-тің жеке хабарламасына немесе жедел желі телефонына шұғыл хабарласуды сұрайды.