Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1297

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның Астанада тұратын әпкесіне хат жолдаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Politico.kz жазды.

Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газ ақысын төлемей жүргені жазылған. Автор өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарыз бүгін өтелмесе, газ өшірілетінін ескерткен.

«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген хатта.

Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқашан қарыз болмағанын мәлімдеді.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Астанадағы әпкеме хабарласыпты», – деді Мақпал Жүнісова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...