Ақтау ауруханасында 25 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматы Ринат Асанов комад...
Мақсат Аханов — Абайдың 180 жылдығына арналған айтыстың жеңімпазы
Семейде өткен «Адамзаттың Абайы» айтысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Семей қаласында өткен республикалық «Адамзаттың Абайы» айтысы өз мәресіне жетті. Бас жүлдені Қарағанды облысының айтыскері Мақсат Аханов жеңіп алды. Сыйлықты облыс әкімі Берік Уәли табыстады. Бас жүлде иегеріне автокөлік берілді.
Бірінші орын — Рүстем Қайыртай (Алматы қаласы).
Екінші орын — Айбек Қалиев (Қостанай облысы) және Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы).
Үшінші орын — Жансая Мусина (Орал қаласы) және Әсем Ережеқызы (Абай облысы).
Жеңісінен кейін Мақсат Аханов бұл сәтті өзінің айтыс өнеріндегі ең биік белестерінің бірі деп атап өтті:
«Бүгінгі жүлде мен үшін Алтын домбырадан да жоғары бағаланады. Себебі, бұл жеңіс 30 жыл бұрын Мұхаметжан ағамыз алған тарихи жеңістен кейінгі алғашқы үлкен жеңіс. Міне, қазір маған осындай мүмкіндік бұйғанына шексіз қуаныштымын», – деді ол.
Айтыс соңында облыс әкімі әділқазылар алқасына естелік сый ретінде Абайдың тақиясы мен шапанын тарту етті.