«Мүгедек балаларға орталық салу үшін деп 22 млн жымқырған»: Перизат Қайратқа қатысты тергеу наурызда аяқталады

коллаж: ulysmedia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1931

Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Айтуынша, Перизат мүгедек балаларға арналған орталық саламын деп аукцион ұйымдастырып, 22 миллион теңге жинаған. Бірақ қаржыны өз қажетіне жұмсаған. Тергеу наурыздың басында аяқталады.

Бұған дейін, 14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...