Марқұм фельдшер ісі: Сотта судьяға қатысты шу шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
550

Астанадағы аудандық сотта қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесінің екінші отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сот барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы 1-бөлігі («Міндеттеріне адал қарамау») бойынша айыпталып отырған С. Жұбаниязованың адвокаты А. Әлімов төрағалық етуші судья М. Абаеваға ресми түрде қарсылық білдірді.

Қорғаушының мұндай шешім қабылдауына судьяның іс материалдарымен толық танысу үшін қосымша уақыт бермей, сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішті қанағаттандырмауы себеп болған.

Адвокат осы жағдайға байланысты судьяға қарсылық білдіру туралы өтінішін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта сот қарсылық мәселесін қарау үшін үзіліс жариялады. Сот процесі бойынша шешім үзілістен кейін белгілі болады.

 
Посмотреть в Threads

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 45 млрд теңгеге бағаланған мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан қылмыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айжан Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа жолын ұсынды, деп хаюарлайды Ma...