Полицейді сүйреп әкетті: Алматы әуежайының аумағындағы оқиға жұртты шошытты

Фото: egovpress

ЖАҢАЛЫҚТАР
396

Алматы әуежайының аумағында ер адам тәртіп бұзып, кейін полицейді көлігімен бірге сүйреп кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Аталған дерек түнгі уақытта болған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметіне жүгінсек, тәртіп сақшысы жол ережесін бұзған көлікті тоқтатты.

Жүргізуші заңды талаптарды орындаудың орнына құжаттарды көрсетуден бас тартып, агрессия көрсетіп, қашуға әрекеттенген. Инспектор, автокөліктің қозғалысын тоқтатпақ болып көлік құралының капотынан бірақ шығып, бірнеше метрге дейін сүйреліп кетті.

«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды: жол жүру ережесін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Алматы қаласының полициясы, полиция қызметкерінің қызметтік міндетін орындау кезіндегі заңды талаптарына бағынбау – бұл тек заң бұзушылық емес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке тікелей қатер екенін ескертеді.

Азаматтарды құқық қорғау органдарының өкілдеріне құрметпен қарауға және мұндай жағдайларға жол бермеуге шақырамыз. Заң баршаға ортақ. Қоғамдық тәртіпті сақтау полиция мен қоғамның бірлескен күш-жігерінсіз мүмкін емес», - делінген Алматы қалалық ПД-ның агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Техас штатындағы жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан сәл астам уақыт өткен соң, 12 шілдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  Жол апат...