Ер адам 3 сыбайласымен әйеліне сұмдық әрекеттер жасады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2141

Түркияда әйелді бұрынғы күйеуі көшеде атып өлтірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Стамбулда 34 жастағы Бахар Ақсу өлтірілген ауданда наразылық акциясы өтті. Әйелді бұрынғы күйеуі Рустем Элибол жұмысқа бара жатқан сәтінде өлтірген. Үш сыбайласымен бірге ол оны көлікке сүйреп апаруға тырысқан. Бірақ Ақсу қарсылық көрсетіп, айқайлаған. Содан кейін Элибол оның арқасынан 5-6 рет атып, құлап түскеннен кейін басын екі рет атып тастады. Шабуылдаушылар көлікпен қашып кетті.

Элибол мен оның сыбайластары ұсталды. 2020 жылы Ақсу оған қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылыққа байланысты екі рет арыз бергені анықталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...