«Маскүнемдер, ақымақтар, ауылдан шыққан, мамбет-арамзалар»: Желтоқсаншыларды қорлаған әйел полицияға жеткізілді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
788

Желіде желтоқсаншыларды қорлайтын сөздер жазған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция желіде пікір жазған әйелді тауып, бөлімшеге жеткізді.

«Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде», деп хабарлады полициядағылар.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы Виолетта Паршина 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы жазба астына «маскүнемдер, ақымақтар, ауылдан шыққан, мамбет-арамзалар» деген пікір қалдырған. Бұл жазба қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Желі қолданушылары оның жұмыс істеген компаниясына да теріс пікірлер қалдыра бастады. Соның салдарынан ұйымның 2GIS-тегі рейтингі бір тәуліктің ішінде күрт төмендеп кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...