Түркістан облысында мектеп мұғалімі аудандық сот ғимаратында өзіне пышақ жарақатын салғаны туралы ақ...
Серік Сәпиев соққыға жығылды - БАҚ
Фото: әлеуметтік желі
1305
Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та "Серік Сәпиев соққыға жығылғаны" туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.
"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция.