Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты бес елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД...
Жылқышы дауына қатысты Тәжіғали Елеуов тағы сұхбат берді
Фото: әлеуметтік желі
Жылқышы Рахат Сәнсеновке қатысты жағымсыз хабар тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жылқыларын ұрлады деп Рахат Сәрсеновке айып таққан кәсіпкер Тәжіғали Елеуов өзіне қатысты айтылған пікірлерге жауап берді.
Кәсіпкер заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында жылқы дауына қатысты өз нұсқасын айтып, бұған дейін Руслан Өтепбайдың жасаған мәлімдемесін сынға алды.
Елеуовтің сөзінше, Руслан Өтепбай жағдайды біржақты бағалап, тек Рахат Сәрсеновтің тарапын тыңдаған.
«Мен білімсізбін, сауатым жоқ деп отыр. Бірақ ол жақсы біледі, орысша да сөйлейді. Руслан Өтепбай тек Рахат жақты тыңдап, біржақты мәлімдеме жасады», – деді кәсіпкер.
Сонымен қатар Тәжіғали Елеуов 2016 жылдары Рахат Сәрсеновтің отбасына қала орталығынан үй алып бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сол уақытта Рахаттың Валя есімді аспазы болған.
«Рахаттың балалары менен жылқылардың қайда кеткенін сұрайды. Мен қайдан білемін? Әкелерінен сұрасын. Ал сол Валя аспаздың ақшасымен қаладан үй салды. Түсініксіз мәселе өте көп», – деді ол.
Кәсіпкер қазіргі таңда жылқы дауына қатысты пікір білдіріп жүргендердің көбі оқиғаны бір ғана тараптың сөзіне сүйеніп бағалап отырғанын атап өтті.