Өмір бойына бас бостандығынан айыру: Шымкенттегі оқиғаға күдіктіге қатысты ел естімеген сұмдық дерек шықты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1056

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдіктіге тағылған айыптардың бірі қатаңдатылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісовтің мәлімдеуінше, тергеу барысында күдіктінің әрекеті қайта сараланған.

"Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына – ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабына ауыстырылды", – деді адвокат.

Аталған бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып не онсыз өмір бойына түрмеге қамау жазасы қарастырылған.

Қазіргі таңда іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр:

  • 99-бап, 2-бөлім, 5-тармақ – ерекше қатыгездікпен адам өлтіру;
  • 125-1-бап – некеге тұруға мәжбүрлеу;
  • 115-1-бап – сталкинг. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру үшін арнайы комиссия...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсет...