СІМ Сербияда қазақстандық әйелдің қаза тапқанын растады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
101

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сербияда қазақстандық әйелдің қаза тапқанын растады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Марқұмның әкесі Threads әлеуметтік желісінде бейнеүндеу жариялап, қызының Белград қаласында тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап, көз жұмғанын мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматының туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық және құқықтық қолдау көрсетуде. Бұл іс Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Aqerke әніне түсірілген жаңа бейнебаянын ұсынды. Премьерасы 31 ш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі миллионнан астам тұрғыны, жүзден аса тіркелген діни бірлестігі мен ондаған конфессиясы бар Алмат...