Мәжілісте агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне қатысты Үкімет сағаты өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
1861

Бүгін Мәжілісте еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне қатысты Үкімет сағаты өтеді. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев қатысып, «Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында баяндама жасайды. Үкімет сағатына осы салаға жауапты министрлердің орынбасарлары қатысады. Сонымен қатар Ақмола және Ақтөбе облысы әкімшлігінің де өкілдері болады. Отырыста отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері де сөз сөйлеп, өз мәселелерін тілге тиек етеді. Үкімет сағаты шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...