Қазақстандық Кристина Менисов АҚШ-та өткен байқауда әлеуметтік желідегі жылдың үздік моделі атанды,...
Аймағамбетов: “Психологиялық қызмет құқықтық тұрғыдан толығымен реттелмеген”
Фото: Мәжіліс
Мәжіліс депутатының айтуынша елімізде психологиялық қызмет көрсетудің тиісті нормалары бар, бірақ ол дұрыс реттелмеген, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде психология қызметінің проблемалары мен шешу жолдары қаралып жатыр.
"Бұл тақырып 2024 жылдың қыркүйегінде бекітілген. Бірнеше ай өткен соң соңғы оқиғаға қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетіп отыр. Психологиялық денсаулық мәселесі маңызды, әсіресе пандемиядан кейін, смартфонның әсерімен одан сайын күрделене түсуде. Еуропа мемлекеттерін қарайтын болсақ, оларда біршама зерттеулер өткізді, содан психологиялық денсаулықтың қаншалықты ушығып бара жатқанын көріп отырмыз. Біздің елде психологиялық зерттеулер жеткіліксіз. Психологиялық қызмет құқықтық тұрғыдан толығымен реттелмеген", — деді Абай Аймағамбетов Мәжіліс комитетінің отырысында.
Халық қалаулысының айтуынша, психологиялық қызмет көрсетудің тиісті нормалары бар, бірақ ол шашыраңқы.
"Әртүрлі заңдарда, министрліктердің әртүрлі ережелерінде қарастырылған, бірақ жүйелі реттелген заң жоқ. Көп мемлекетте арнайы заңнама бар. Жалпы психиатрия, психология, психотерапия қызметін көбісі шатастырады, бәрі бірдей көрінеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Психикалық ауытқуы бар жандарға көрсетілетін көмек көлемі қандай, дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Кейбіреулер психикасында ауытқуы бар адамдарды бөлек ұстап, жабу керек деп жатыр, бұл дұрыс емес. Біз оларды жабумен немесе емдеумен емес алдын алу және көмек көрсету мәселесі маңызды", — дейді депутат.