Су тасқыны: эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

Фотосурет: alashorda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2491

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды madeniportal.kz

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша – Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді.

«Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды», деді Бисембиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рудныйда блогердің жазбасынан кейін қалалық ауруханада тексеріс басталды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай наурыз айында дүниеге келетін сәбилердің ішінде ұлына Кенесары есімін...