Туған баласын акушерге 3,5 млн теңгеге сатып жіберген әйел ұсталды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1854

Дағыстанда әйел жаңа туған қызын 650 мың рубльге акушерге сатып жіберген, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Дағыстанның Магарамкент ауылында 39 жастағы әйел жаңа туған қызынан бас тартуды ұйғарып, оны №2 перзентхананың акушеріне сатуға келіскен.

Келісім бойынша, 650 мың рубльді акушердің 46 жастағы жұмыссыз күйеуі жеткізген. Алайда қылмыс бірнеше ай өткен соң әшкереленіп, нәрестенің анасы мен оның сыбайластары өз кінәсін мойындаған. Олар ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынған.

Аталған іс бойынша «Адам саудасы» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпталушылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...