ТЖМ бірнеше өңірде қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
459

"Қазселденқорғау" ММ мамандары республика бойынша көшкін қаупі бар 378 жерүсті тексеру жүргізіліп, 10 ескерту белгісі орнатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мекеменің мәліметінше, қолайсыз ауа райына және кейбір учаскелерде қар жамылғысының жиналуына байланысты қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі бар.

– Түркістан және Жамбыл облыстарының биік таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталып отыр, қар көшкіндерінің өздігінен түсу ықтималдығы жоғары. Көшкіндердің жүруіне түрткі болу қаупіне байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн, – делінген хабарламада.

ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланған кезеңде таулы аймақтарға бармауды ұсынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Динара Сәтжан Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова, Балжан Бидаш арасындағы дауға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Айгүл Иманбаева бала күнінде бастан өткерген қиын сәттерін еске алып, анасының жас кезінде бірн...